Англиялық боксшы Шериф Лаваль кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінен кейін көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы sportrbc.ru-ға сілтеп.
Басылым мәліметінше, 13 мамыр күні Лондонда өткен бокс кешінде кәсіпқойда алғаш рет рингте жұдырықтасқан 29 жастағы Шериф есінен танып қалған. Қарсыласы Малам Варемен кездесудің төртінші раундында спортшының құлақ шекесінен ұрған.
Салдарынан спортшы Лавальға ауруханаға барар жолда көз жұмған.
Айта кетейік, шетелдік спортшы Лаваль бокспен 2018 жылдан бастап шұғылданған. Тек биылдан бастап кәсіпқой боксқа өтуді ұйғарған.