Саңырау әрі мылқау такси жүргізушісін балағаттаған жолаушы ұсталды

2006
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/whatsapp-image-2024-05-12-at-18.36.14.jpeg
Астанада саңырау әрі мылқау такси жүргізушісіне тіл тигізген ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Желіде ер адамдардың бейнесі тараған болатын. Олар жүргізушіні балағаттап, мазақ еткен. Полиция қызметкерлері жолаушыны ұстағанын хабарлады. "Такси жүргізушісіне балағат сөздер айтқан жолаушы дереу анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп хабарлады Астана полициясы. Желі қолданушыларының ашуын тудырған бейнені желіден қарай аласыздар.
Комментарии