"Қолдау үшін рақмет". Спортшы жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады

1034
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қуат Хамитовтың парақшасынан
Фото: Қуат Хамитовтың парақшасынан

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері жеңілісінен соң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

11 мамыр күні қазақстандық спортшы Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкодан жеңілген болатын.

Тартысты жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде өтіп, үш раундқа созылған.

"Мен үшін алаңдаған және маған жанкүйер болған барлық адамға рақмет айтамын! Мен бабымда болдым, бәрі жоспар бойынша өтіп жатты. Бірақ 84 кг салмақта төбелесу мен ойлағаннан да қиын болғанын мойындаймын. Осы салмақта өзімді тексеру үшін бір жекпе-жек өткізіп көруім керек пе еді... Десе де бәріңізге қолдауларыңыз үшін рақмет!", - деп жазды спортшы Хамитов Instagram желісіндегі парақшасында.

Cондай-ақ, қазақстандық файтер жеңілісін "жапқысы" келетінін айтып, қарсылас іздейді.

"Мен октагонға барынша тезірек оралып, жеңілісімді жапқым келеді. Егер 70-74 кг cалмаққа өтіп, жекпе-жекке шыққысы келетін 60 кг салмақтағы файтерлер бар болса, қуана келісемін", - деп жазды Хамитов Instagram желісінде.

Пікірлер