Берлинде кеңестік ескерткіштердегі Ресей рәміздеріне тыйым салынды

937
Adyrna.kz Telegram

Еуропада 8-9 мамырда атап өтілген Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына байланысты Берлин полициясы қаладағы және оның маңындағы аудандардағы кеңестік ескерткіштердің жанында ресейлік рәміздерге тыйым салды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Deutsche Welle сайтына сілтеп.

Онда Ресей тулары, георгий ленталары, формалар, ордендер, әскери және марш әндері, сондай-ақ Ресейдің Украинаға қарсы соғысын дәріптейтін рәміздер, соның ішінде Z символына тыйым салынды. Бұл туралы сәрсенбі, мамырдың 7-сі күні кешке шыққан полиция бұйрығында айтылған.

Шектеулер тек Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, дипломаттарға және басқа да үкімет өкілдеріне қойылды. Сондай-ақ, тыйымдар ескерткіштер мен іргелес аумақтардың сыртындағы митингілерге де қолданылмайды. Мұнда жиналыстар туралы заңның әдеттегі ережелері қолданылады.

Ал Ресей елшілігі болса жалауларға салынған тыйымды алып тастауға шақырды.

«Біз бұл тыйымды соғыстан кейінгі кезеңдегі Ресей мен Германия халықтары арасындағы тарихи келісім рухына қайшы келетін кемсітушілік деп санаймыз», - делінген елшіліктің мәлімдемесінде.

Пікірлер