Жайықта су деңгейі тағы көтерілді

2901
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су әлі көтеріліп жатыр. 9 мамыр күні судың деңгейі  Индербор кентінде 10, Махамбет ауылында 9 метрден асты. Бұл туралы облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабтың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жайық өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте Индер ауданының орталығы – Индербор кентінде 13 сантиметрге көтерілді. Бүгінгі су деңгейі – 1005 см. Бұл шекті деңгейден 160 сантиметрге көп.

Жайық суы Махамбет ауылының тұсында 915 сантиметрге жетті. Мұнда шекті деңгей – 850 см.

Ал Атырау қаласында гидробекетте су деңгейі 525 сантиметрді көрсетіп тұр. Қала аумағындағы қауіпті шек 550 см деңгейінде белгіленген.

Төтенше жағдайлар министрлігі қазіргі таңда Қызылорда облысы ТЖД күшімен бөгетті нығайту жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер