Еуропадағы Жеңіс күні

892
Adyrna.kz Telegram

Бүгін - Еуропада Жеңіс күні, деп жазады "Адырна". Нақтырақ айтсақ, осыдан 79 жыл бұрын 8 мамырда Германия Қарулы Күштерінің тізе бүккені туралы акт күшіне енген болатын.

1945 жылдың 7 мамыр күні Реймсте үшінші рейхтің капитуляциясы туралы актіге қол қойылды. Алайда ол Сталинді қанағаттандырмады және 9 мамыр күні Мәскеу уақытымен сағат 00:43-те құжатқа қайта қол қойылып шықты. Бірақ, бұл орталық еуропалық уақыт бойынша 8 мамыр күні болатын. Осы себепті Жеңіс күнін көптеген Антигитлерлік коалиция елдері бұрынғы СССР елдері сияқты 9 мамыр күні емес, 8 мамырда атап өтеді.

Мемлекет басшыларының капитуляцияға қол қойылғандығы туралы ресми хабарландыру күндеріне орай кейін бұл айтуыл күн 8 мамырда Еуропа елдерінде және 9 мамырда КСРО-да  Жеңіс күні ретінде тойлана бастады.

Пікірлер