"Зәке, мені кешір". Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтың үйін сататынын айтты (ВИДЕО)

18004
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Мақпал Жүнісованың даусына ұқсас адамның Заманбек Нұрқаділовтың үйін сататыны жайлы айтқан видеосы тарады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Бейнежазба әуелі Мақпал Жүнісованың ресми парақшасына шығып, кейін өшірілді. Дауыс иесі видеодан көрінбей, кадр сыртында сөйледі:

"Зәке, сен мені кешір. Мен шаршадым. Менің сенің дүниеңді сақтап отырғаныма 20 жыл болады екен. Кешір мені. Егер де үкімет сенің дүниеңді алып кетпейтін болса, туған туысқандардың бәріне таратып, мына үйді сатамын. Маған оңай болмай тұр. Сол үшін тойға барып жүрмін. Ай сайын сіздің үйіңізді сақтау үшін жүз мың теңге керек. Бұл жерде біз шомылмаймыз да, саунаға да түспейміз. Ешқандай затыңызды пайдаланған да жоқпыз. Бұл үйге газ жүргізілмеген Зәке. 20 жыл бойы екі үйге 210 мың теңгеден төлеп келе жатырмын. Екі үйге де газ жүргізілмеген. Мен жылағым келеді, шаршадым Зәке. Осы үйді Тоқаевқа беремін" дейді видеодағы Мақпал Жүнісованың даусына ұқсас әйел.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

 

 

Пікірлер