2 президент ауылда қалады. Өзгесі Мәскеуге барады

946
Adyrna.kz Telegram
Фото: aqorda.kz
Фото: aqorda.kz

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеудегі шеруге қай президенттердің баратынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

9 мамырда өтетін Мәскеудегі шараға Орталық Азиядағы 3 елдің президенті барады.

Жеңіс шеруіне Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Куба, Гвинея-Бисау және басқа да елдердің президенттері қатысады. Одан бөлек, шараға ҰҚШҰ, ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ атқарушы органдарының басшылары, әскери атташелері мен дипломатиялық өкілдіктердің басшылары шақырылған.

"9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 79 жылдығына арналған әскери парадқа Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан басшылары және басқа да шетелдік жетекшілер төбе көрсетеді. Парадқа Куба президенті Мигель Диас, Канел Бермудез, Лаос президенті Тонглун Сисулит және Гвинея-Бисау республикасының президенті Сисоку Эмбало шақырылды", –деді Юрий Ушаков.

Шарадан кейін ел басшылары Александр бағындағы "Белгісіз солдат" басына барып гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысады. Содан кейін Кремльде Владимир Путиннің атынан делегация басшыларына арналған қабылдау өтеді.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ТАСС агенттігіне берген сұхбатында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8-9 мамырда Мәскеуге сапарын жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.

Айта кетейік, өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысқан болатын.

Пікірлер