Қазақстаннан қант экспортына тыйым салынады

712
Adyrna.kz Telegram
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
Қазақстаннан қант экспортына тыйым салу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Үкімет ЕАЭО-ға қатысушы елдерге қант экспортына 2024 жылдың 31 тамызына дейін уақытша тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Тыйым жаз соңына дейін, елде қант қызылшасының жаңа өнімі піскенше күшінде болатыны анықталып отыр.
6 мамыр күні вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен отырыста қант қызылшасының жаңа өнімі жиналғанға дейін ішкі нарықты қантпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
"Бүгінде қоймалардағы қант пен шикі құрақ қоры 136 мың тонна. 2024 жылдың 31 тамызына дейін квотамен ресейлік қанттың 120 мың тонна көлеміндегі импортын қосқанда, бұл шамамен 256 мың тоннаға дейін жетеді", — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.
Сондай-ақ, Қазақстанда 2024 жылдың соңына дейін өңдеуге арналған 300 мың тонна шикі құрақты бажсыз әкелуге квота бар екені де айтылды.
"Орта есеппен айлық тұтыну жазда 46 мың тонна, сұраныс 60 мың тоннаға жетеді. Қолданыстағы қант қоры жаңа өнімге дейін қантқа деген сұранысты өтеуге жеткілікті", - деп түйіндеді вице-министр.
Пікірлер