ЕРТАЙ НҮСІПЖАНОВ: Ресей қатысқан соғыстағы адам шығыны неге көп болды? Себептері

2898
Adyrna.kz Telegram
Фото: Reuters
Фото: Reuters

Ресей-Украина соғысының 788-күні, Ресейдің ҚМ С.Шойгу: “Украинаның адам шығыны 500 мың” деді. Ал мамырдың 2-күні, Украинаның Бас штабы, Ресейдің осы соғыстағы адам шығыны әзірге 470 мыңға жеткенін хабарлады.

1940 жылы неміс-француз соғысында Францияның адам шығыны ~ 100 мың.

Ертеректе, АҚШ пен Ұлыбритания соғысында, АҚШ-тың 290 мың, Англияның 260 мың әскері мерт болған.

Таяу Шығыстағы 5-соғыста, шамамен 90 мың араб әскері, Израильдің 11 мыңнан аса әкері опат болды.

Жалпы, Ресей қатысқан кез келген соғыстағы адам шығыны неге соншалықты көп болды? Себептері төмендегідей:

Ең алдымен, бұл Ресейдің соғыс тактикасындағы дәстүрлі қателіктердің үздіксіз орын алуы. Тарихтағы соғыс жағдайларды зерделейтін болсақ, орыстардың “Біз жеңеміз” деген соқыр сенімі мен әлсіз дайындығы қашанда қайғылы жеңістерге немесе адам шығыны көп жеңілістерге әкеліп отырды. Соғыс уақыты ұзарды.

Ресей армиясы Шыңғысханның тап беру тактикасын ұстанды. Алдын-ала тыңшылық жасауды ескермеді. Былайша айтқанда, соқыр қадам мен ойын стилі үлкен шығындармен аяқталып отырды.

Әскери стратегия мен қолбасшылық ескі режим де орны толмас шығындаға әкелген басты факторлардың бірі.

В.Путин ақылды болса, 2022 жылы, 24-ақпанда Украина жеріне баса-көктеп кіру сәтсіздікке ұрындырғаннан кейін-ақ, ол стратегиялық мақсаттардан бас тартып, бейбіт ұсыныс жасауы тиіс еді. Алайда ол, саяси мақсаттар үшін барын салуда.

Ресейдің әскери техникасы артта қалған, әскери жаттығулары нашар. Ресей мен НАТО-ның заманауи әскери техникасы арасындағы алшақтық жер мен көктей.

Ресейдің әскер сапасы да төмен. Әлеуметтік жағдайы нашар аймақтардан және түрмеде жазасын өтеп жатқандар арасынан соғысқа тартылғандар өте көп.

Орыстардың әлем халқынан әлдеқайда бақытты өмір сүретін 99% жағдайы бар. Бірақ ұлттың мінезі оның бәрін күйретті.

 

(Қытайлық бір сайтта жария болған мақаланың аудармасы)

 

Yertay Nusipzhanov

 

 

Пікірлер