Көкшетаудағы жылу қазандықтарын жөндеуге 816 миллион теңге бөлінеді

677
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Көкшетау қаласындағы екі жылу қазандығын жөндеуге Үкімет резервінен 816 миллион теңге бөлінетіні анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Курсивке сілтеп.

Үкімет Көкшетаудағы №1 және №2 аудандық қазандықтарды жөндеуді қолға алуды жоспарлауда. Биыл Ақмола облысының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 816 млн теңгеден астам қаражат бөлу туралы қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Осы қаражатқа қазандықтардың конвективті бөліктің пакеттерін және қазандық агрегаттарын жөндеу, сондай-ақ қыздыру беттерін және шикі көмір бункерлерін ауыстыру жоспарланған

«Оның техникалық көрсеткіштері жылу қуаты – 520 Гкал/сағ, электр қуаты – 240 МВт болады деп жоспарлануда. Бұл ретте Көкшетауды одан әрі газдандыруды ескере отырып, табиғи газға көшіру мүмкіндігі  бар түрлі отынды көміртозаңды қазандықтар орнату көзделген», – делінген хабарламада.

Пікірлер