Екі ауылда Жайық суы арнасынан асты

4309
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/4514fc8b-dfc7-478a-929e-57e39d1fdcc1-960x500.jpeg?token=0204b16bc7a7bffa5c1fcc15a400eac5
Екі облыстың ауылдарында су деңгейі қауіпті деңгейден асты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Су ресурстары министрлігі Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі қойма 91%-ға толды. Қазір Жайық суы Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы сай-салаларды толтыруда. Жайық бойында Ақжайық ауданына қарасты 35 ауыл бар. Ауылдарды су басқаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. 5 мамырдағы көрсеткіш бойынша Тайпақ ауылындағы гидробекет өзен деңгейінің 9 метрден асып кеткенін көрсеткен. Айта кетейік, су деңгейінің аса қауіпті деңгейі 850 метр деп есептелінген. Ал Индербор ауылының тұсында өзен суы шекті деңгейі 845 см. Судың қазіргі деңгейі - 856 сантиметрге жетті. Атырау облысындағы ТЖ жөніндегі жедел штаб ақпаратынша, Махамбет ауданында 22 эвакуациялық пункт дайындалған.
Комментарии