Home » Спорт » Геннадий Головкин – ТМД елдеріндегі ең табысты боксшы

Геннадий Головкин – ТМД елдеріндегі ең табысты боксшы

Forbes журналы 2019 жылы ең көп қаржы төленген спортшылардың тізімін жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz. Тізімге қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин енген. GGG-дің биыл тапқан жалпы табысы 25,5 млн доллардан асып үлгерді. Оның 23,5 миллион доллары – Роллспен айқасы үшін гонорар, ал 2 миллион доллар – демеушілік келісімшарттардан түскен. Forbes рейтингінде Головкин 95-орынға тұрақтаған және посткеңестік елдер арасында тізімге енген жалғыз спортшы атанды. Еске сала кетсек, канадалық боксшы Стив Роллспен кездесу Головкин үшін Dazn алаңындағы алғашқы айқас болды. Dazn-мен келісімшарт аясында 100 миллион долларға бағаланған тағы бес кездесу жоспарланып отыр.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

“Қайраттың” экс-футболшысын өлтіріп кетті

“Қайрат” футзал клубының бұрынғы ойыншысы Дуглас Нуньес да Силваға белгісіз біреулер түнгі клубтан шығып бара ...