Жеңіс Нығметуллин әлем чемпионатының жүлдегерін қабылдады

654
Adyrna.kz Telegram

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығметуллин Қазақстан тарихында шорт-тректен әлем чемпионатының алғашқы жүлдесін жеңіп алған Алина Ажғалиева мен бапкерлерін қабылдады.

Еске салсақ, Алина Польшаның Гданьск қаласында өткен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 1500 метр қашықтыққа жарысудан финалға шығып, мәреге екінші болып келген болатын.
Басқарма басшысы Алинаны тарихи жеңісімен құттықтап, алдағы қатысатын дүбірлі додаларда да топ жаруына тілегін білдірді.


Кездесу соңында Алинаға сыйлық табыс етілді.

Ажғалиева Алина – қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шорт-трек бөлімінде 4 жылғы спорттық жетілдіру тобының спортшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 2 курс студенті.

Жетістіктері:

Шорт-тректен жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы;
2019 жылы «Дети Азии» халықаралық ойындарында ІІ орын;
2023 ж. дүниежүзілік универсиадада ІІ орын;
2023 ж. Әлем Кубогының кезеңінде ІІІ орын;
2023 ж. Қазақстан Республикасының IV Қысқы жастар ойындарында І орын.
2024 ж. ақпанда Әлем Кубогының кезеңінде ІІ орын;
2024 ж. юниорлар арасында Әлем чемпионатында ІІ орын.

Пікірлер