Бишімбаевтың көріпкелі тікелей эфирде бейнесін көрсетпеуді сұрады

1398
Adyrna.kz Telegram

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айып тағылған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың оқиға кезінде көмекке жүгінген көріпкелі Гүлнар Ережепова өз куәгерлігін желіде және БАҚ-та көрсетпеуді сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Көріпкел желіде тарайтын ақпараттық қысымға қарсы екенін айтқан.

Айыптаушы тараптан прокурор Айжан Аймағанова куәгерлік беретін көріпкел Ережепованың бет-бейнесін көрсетуге қарсы екенін жеткізді.

Судья Айжан Құлбаева сот отырысына қатысушылардың пікірін біліп, куәгердің бетін эфирге шығармай-ақ жауап беруге келісті.

Пікірлер