Зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер ақысыз еңбек демалысына шыға алады

1763
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/501b40ca-32a5-4f29-a17d-a57401959fa3-960x500.jpeg?token=aa3c239c80eb1715587bfbd9a67d9a7b
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары еңбек демалысына шыға алады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Қазақстанда Еңбек кодексіне тиісті түзетулер енгізілді. Енді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап, зардап шеккендер 30 күндік ақысыз еңбек демалысына шыға алады.
"Жұмыс беруші қызметкерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда болған уақытында жалақысы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік 30 күннен аспайтын демалыс беруге міндетті", – делінген құжатта.
Еске сала кетейік, өткен жылы 69 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.
Комментарии