"Сандырақ". Кәсіпкер Баталов экс-министрдің "айыптауына" қатысты пікір білдірді

2342
Adyrna.kz Telegram
Фото:  Ulysmedia
Фото: Ulysmedia

Кәсіпкер Райымбек Баталов Қуандық Бишімбаевтың сотта келтірген сөздеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ол Бишімбаевтың "Салтанат Нүкенова мен Баталов арасындағы махаббатына" байланысты өз сөзін айтты.

«Соңғы уақытқа дейін мен Бишімбаевтың сот отырысының тақырыбына түсініктеме бергім келмеді, бірақ менің аты-жөніме жағылған сұмдық кірден кейін үндеу жариялауыма тура келді. Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамның мен туралы айтқаны сандырақ екенін айтқым келеді. Бұл ессіз өтірік. Бұл өтірікке сенбеуге шақырамын. БАҚ өкілдері мен блогерлер жалған ақпарат таратпауын сұраймын. Осындай қайғыға душар болған жанұясы мен достарының марқұм қыздарының арын қорғауға мәжбүр болғаны өкінішті. Нүкеновтердің отбасына шын жүректен көңіл айтамын", - деген кәсіпкер.

22 сәуір күні Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында сотталушы Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефонына сараптама жасалған. Телефондағы 2023 жылдың 9 қарашасында түсірілген бейнені қарау кезінде судья бірнеше дерек тапқан. Барлық жазбалар Бишімбаевтың әйеліне: «Райымбек Баталовпен жаттың ба?» деген сұрақпен басталғаны анықталған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер