Армения мен Әзербайжан министрлерінің кездесуі Қазақстанда өтпек

1669
Adyrna.kz Telegram
Фото: freepik
Фото: freepik
Армения мен Әзербайжан сыртқы істер министрлерінің кездесуі Қазақстанда өтеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі РИА Новостиге сілтеп.
23 сәуірде Әзербайжан Дипломатиялық Академиясының Университетінде "COP29 және Әзербайжан үшін жасыл көзқарас" тақырыбында халықаралық форум өтуде. Жиын барысында ел президенті Ильхам Әлиев кездесуді Қазақстанда өткізуге келісім берген.
"Қазақстан бізге Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізу туралы ұсыныспен жүгінді, біз бұған келістік және егер Армения да келіссе, кездесу Қазақстанда өтеді деп келістік", - деді Әлиев Бакуде өткен халықаралық конференцияда.
Әзербайжан басшысы өз сөзінде елдің ЕАЭО-ға кіруді жоспарлап отырған жоқтығын да атап өтті.
"Әзербайжанның ЕАЭО-ға кіру жоспары жоқ...", - деді Әлиев.
Пікірлер