"Жезкиік" авторының туғанына - 75 жыл

1615
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Бүгін қазақтың «Жезкиігі», әуесқой композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Жақсыкелді Сейіловтің туғанына - 75 жыл.

Жақсыкелді Уәлиұлы Сейілов - 1949 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Әкесі Уәли теміржол бойының шебері болып еңбек етіп, анасы Ақбала үй тіршілігімен айналысқан қарапайым жандар.

Ж.Сейілов 6 айлығында шешекпен ауырып, көру қабілеті мүлде төмендеп, мүгедек болып қалады. Сегіз айлық кезінде анасынан айырылады.

1968 жылы талант Қарағанды қаласындағы зағиптар мектебін бітіреді. 1970 жылы республикаға аты әйгілі болған «Қаракөз» вокалды аспаптар ансамбілін құрып, оның көркемдік жағын басқарды. Осы ансамбль арқылы ол композитор әрі әнші ретінде көпшілік қауымға таныла басталды.

«Неге солай», «Жезкиік», «Ана туралы баллада», «Кездесу», «Айналайын қанатым», «Нан туралы баллада» т.б. әндері рес-публикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды

1975 жылы Жезқазған филормониясынан «Жезкиік» атты ансамбль құрылды. Бұл ансамбль Сейіловтің ақын К.Салықовтың сөзіне жазған «Жезкиік» әнінің атымен аталады.

Ж.Сейілов 1974-1976, 1983-1985 жылдары қазақ зағиптар қоғамы Жезқазған обылыстық басқармасының төрағасы қызметің атқарды. Кейін Ж.Сейілов Жезқазған облыстық мемлекетік филормониясында концертмейстер болып еңбек етеді.

Жезқазғандағы С.Қожамқұлов атындағы мәдениет сарайы кезінде Ж.Сейіловті өнер әлеміне қанаттандырған тарихи орын.

Киелі Ұлытау бөктерінде туған Ж.Сейілов – тірлігінде өз бағасын алып үлгерген өнер иесі. Ол қатыспаған байқау, фестиваль аз. Ж.Сейілов республикалық эстра-да әншілері конкурсының, «Жігер» фестивалінің, Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық конкурстың жүлдегері атанды. «ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» деген атаққа ие болды.

Пікірлер