Аймағамбетов мектептерге салынатын әділетсіз айыппұлдар туралы айтты

1472
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектептер мен ауруханаларға салынатын әділетсіз айыппұлдар туралы пікір білдірді. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Мектеп, аурухана, балабақша, колледж сияқты бюджеттік мекемелердің директорларына жүз мыңдаған айыппұл салу проблемасы ушығып барады. Кейін сол 500-600 мың айыппұлды директор қалай және кімнен жинайтыны айтпаса да түсінікті", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Оның пкірінше, директорларды мектептің үш ауысымды болғаны немесе құрал-жабдықтары мен зертханалары жеткілікті деңгейде болмағаны үшін айыппұл төлеуге мәжбүрлеу – әділетсіз.

"Өйткені егер мектеп үш ауысымды болса, бұл директордың кінәсы емес, әкімшіліктің кемшілігі. Бұған қоса, мемлекет тарапынан мектептердің жеткіліксіз қаржыландырылуы да осы мәселелерге әкеледі", - дейді Аймағамбетов.

Ол құзыретіне жатпайтын, яғни тікелей әсер ете алмайтын мәселелер үшін айыппұл салуды тоқтату қажет деп санайды.

Сондай-ақ депута  дәрігерлерді өз мамандығынан тыс жұмыстарға тартқаны, қажетсіз есептерді талап еткені үшін жауаптылыққа тарту құзыретін полициядан алып, денсаулық сақтау министрлігінің комитетіне беруді ұсынды.

Айтуынша, депутаттар тиісті түзетулерді берген.

Пікірлер