Әуезов “Абай жолы” үшін марапатталған күн

1985
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 21 сәуір - Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» дилогиясы үшін Ленин сыйлығын алған күні, деп жазады “Адырна” порталы.

Осыдан 65 жыл бұрын 1959 жылы Әуезовке «Абай жолы» дилогиясы үшін Ленин сыйлығы тағайындалған болатын. Ол V шақырылған КСР Қазақ Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

1951-1954 жылдары Мұхтар Әуезов саяси-идеологиялық тұрғыдан қыспаққа алынып, 1953 жылы сәуір айында Мәскеу­ге жасырын аттанып кетуге мәж­бүр болды. Мәскеу мемле­кет­тік университетінде профессор болып орналасып, «КСРО ха­лық­тары әдебиетінің тарихы» деген арнайы курс бойынша дәріс берді. 1954 жылы Алматыға қайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын толық аяқта­ды.

Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО мемлекеттік сыйлығы 1949 жылы берілді. Төрт томдық «Абай жолы» ро­ман-эпопеясы жарық көрген­нен кейін 1959 жылы Ленин сыйлы­ғы­ның лауреаты атанды.

Бұған дейін “Адырна” ұлттық порталында «Абай жолы» роман эпопеясының алғаш жарық көріп, кейін цензураға ұшыраған нұсқасы жайлы Марфуға Шапиянмен сұхбат жарияланған болатын. Әңгіме барысында кітаптың шығарушысы идеяның қалай жүзеге асқанын және мұндай нұсқа 26 жыл бұрын бір рет жарық көргенін айтады.

Пікірлер