Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің екі тікұшағы әуеде апатқа ұшырады

1427
Adyrna.kz Telegram

20 сәуір күні Жапонияның Идзу аралдары маңындағы екі тікұшақ апатты жағдайға ұшырағаны айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеп.

«Жапондық теңіз өзін-өзі қорғау күштерінің екі тікұшағы Идзу архипелагының бір бөлігі Торисима аралының шығысында теңіз үстінде құлап, бір адам қаза тапты», - деп хабарлады жексенбіде елдің Қорғаныс министрі МИнору Кихара.

Ұшақтағы тағы жеті адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Министрдің айтуынша, екі тікұшақ соқтығысып, құлаған болуы мүмкін.

Пікірлер