Сахалар Қазақстанда. Қиыр шығыстағы туыс-түріктермен тарихи кездесу өтпек

1474
Adyrna.kz Telegram

Якутия (Саха) Республикасының күндері аясында 21-23 сәуір аралығында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде тарихи кездесу өтеді, деп хабарлайды “Адырна” порталы. Бұл туралы ақын, белсенді Әділет Ахмет өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

Кездесу сәуір айының 21-23 күндері Алматы қаласында өтеді.

Бағдарлама шеңберінде Якутия халықтарының музыкасы және фольклоры музейі қорынан жасақталған “Ғасырлар үні” жылжымалы көрмесінің ашылуы өтеді.

Сондай-ақ, дарынды музыкант, СР Халық шебері, СР Мәдениет үздігі, Якутияның “Кыл Саха” этникалық музыка ансамблінің солисті Руслан Габышевпен арт-кездесу өтеді.

Якутияның байырғы халықтары ертегілерінің желісі бойынша қысқаметражды мультипликациялық фильмдер көрсетілімі ұсынылады және “Нюргун боотур стремительный” толықметражды мультипликациялық фильмінің көрсетілімі өтеді.

Барлық іс-шараларға кіру тегін.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Пікірлер