Су тасқынына байланысты тағы екі аймақтың оқушылары жиынтық бағалаудан босатылады

1633
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның тағы екі облысында оқушыларға арналған тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) мен бөлімдік жиынтық бағалау (БЖБ) емтихандары алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы Білім министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Министрліктің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызының айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі оқушылардың емтихан мерзімі қайта қаралды.

"Бұған дейін Ақтөбе және Атырау облыстарында жүргізіліп жатқан мониторингтен кейін (БЖБ және ТЖБ) жойылған болатын. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында, ішінара зардап шеккен елді мекендерде БЖБ және ТЖБ-ны алып тастау туралы шешім қабылданды. Ал Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында шешім жағдайға байланысты қабылданады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Басқа аймақтарда сабақ қалыпты режимде жалғасуда.

Пікірлер