Өскеменде сауда үйінде өрт болды

1351
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Өскемен қаласында дүкен өртенді. Оқиға 20-сына қараған түні 22-34-те жойылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Белгілі болғандай, өрттің аумағы 290 шаршы метрді құраған.

«Абай даңғылында сауда үйінің шатыры жануда. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру бөлімдері күштер мен құралдарды жұмылдыруда. Өрт сағат 22:43-те жойылды. Өрттің аумағы 290 шаршы метр», - делінген ведомство хабарламасында.

Өрттің алдын-ала себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы екендігі аталып өтілді.

Пікірлер