Атыраулық оқушы аудан мектептерін террористік актілермен қорқытқан

2045
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_3133.jpeg

Атырау облысында аудан мектептерін террористік актілермен қорқытқан 9-сынып оқушысы ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жасөспірім анонимді Telegram-арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде террористік акті жасалатыны туралы хабарлама жариялаған. Жазбамен бірге

интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған.

Қазіргі уақытта оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Комментарии