Ұлттық қауіпсіздік комитеті экстремизмге қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«17 сәуірде ҰҚК Ішкі істер министрлігімен өзара әрекеттесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстады. Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деп күдіктеліп
Новости по теме
Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында көптеген діни әдебиет мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Айта кетейік, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.
https://youtu.be/ZaKZh5XfGto?si=anXmXIZprEg3rG1W