Қырғызстан президенті Қазақстанда. Тоқаев пен Жапаров гала-концерт тамашалады

757
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды. Кейін Бейбітшілік және келісім сарайына екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалауға барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.

Бұдан бөлек, концертте "Астана опера"мемлекеттік опера және балет театрының әртістері, "Гүлдер", "Астана сазы", "Аркасыры" (Қырғызстан) ансамбльдері сияқты шығармашылық ұжымдар көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.

Бағдарлама аясында "Манас" эпосынан үзінді оқылып, қос халыққа кең тараған әндер мен күйлер орындалды. Сондай-ақ бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.

Сонымен қатар концертті Қырғызстанның ресми делегация мүшелері мен зиялы қауым өкілдері тамашалады.

Пікірлер