Қарағандыда еріктілер тобы «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенінің аумағы тазартылды

1446
Adyrna.kz Telegram

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының екінші аптасы – «Киелі мекен» деп аталады. Акция аясында Қарағандыдағы «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенінің аумағы қоқыстан тазартылды. Шараға ардагерлер мен еріктілер қатысып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Мемлекет басшысы экология мәселесіне үлкен мән беріп, ауқымды акция өткізуді қолға алған болатын. Бүгінде осы акция аясында өңірдегі барлық мекеме ұжымы акциядан қалыс қалмай ауыл-аудан, қала көшелерін, саябақтармен алаңдарын қоқыстан тазартуда.

– 13-20 аралығында тарихи-мәдени ескерткішінің маңайын қоқыстан тазартылады. Әсіресе, тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Ескерткіштер жуылды. Апталықтың соңына дейін 40-тан астам ескерткіш жуылып, аумағы абаттандырылады, – деді Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Ғазиз Зұлхарнай.

Пікірлер