Тәжікстанның Хатлон облысындағы «Харб-Майдон» таулы-шөлдік полигонында 15 сәуірде Ресей мен Тәжікстан қарулы күштерінің қатысуымен екіжақты әскери жаттығулар басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
“Оқу-жаттығу жұмыстарының негізгі мақсаты – лаңкестік топтармен күресудің тиімді стратегияларын әзірлеу және шекараны қорғау кезінде әскери бөлімдерді басқару жүйесін күшейту” делінген хабарламада.
Бірлескен оқу-жаттығулар 18 сәуірге дейін жалғасады. Оларға Орталық әскери округтің 201-ші Ресей әскери
базасының бөлімдері, атап айтқанда, тау атқыштары, мотоатқыштар, танк экипаждары, артиллерияшылар және барлаушылар қатысады.
Сонымен қатар, оқу-жаттығуларға химиялық, радиациялық және биологиялық қорғаныс мамандары мен ұшқышсыз ұшақтардың операторлары қатысуда. Оқу-жаттығуларға Ми-24 шабуылдаушы тікұшақтарында және Ми-8МТВ5-1 көліктік-жауынгерлік тікұшақтарындағы авиациялық топтың экипаждары қатысуда.
Жаттығуларға химиялық және биологиялық қорғаныс саласындағы кәсіби мамандар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және электронды соғыстың мобильді топтары да тартылды.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз