Тбилисиде Грузия парламенті ғимаратының маңында «шетел агенттері» туралы заң жобасына наразылық білдірушілер шеруге шықты. Оларға қарсы арнайы жасақ 16 сәуірде техникалық күш қолданды, деп хабарлайды “Адырна” порталы.
Арнайы жасақ пен наразылық білдірушілер арасындағы қақтығыс пленарлық отырыс аяқталмай жатып, төңіректегі көшелердегі парламенттен шыға берісте басталды.
Тбилисиде «шетелдік агенттер туралы заңға» қарсы наразылық акциясында 14 адам ұсталды. Парламентте төбелес кезінде
Ішкі істер министрлігі заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін бұрыш спрейін қолданғанын мәлімдеді.
Ведомствоның мәлімдеуінше, наразылық білдірушілер полицияға түрлі заттар, соның ішінде тастар мен бөтелкелер лақтырған, соның салдарынан Ішкі істер министрлігінің бір қызметкері жараланып, департаменттің көлігі зақымданған.
Нәтижесінде Ішкі істер министрлігі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 11 адамның ұсталғанын хабарлады. Бір күн бұрын 14 адам ұсталған болатын.
«Митингті ұйымдастырушылар мен қатысушыларды заңда көзделген тәртіпте наразылық білдіруді қамтамасыз етуге тағы да шақырамыз. Әрбір заңсыз әрекеттен кейін тиісті құқықтық жауап беріледі», - делінген ІІМ хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі күн бұрын 15 сәуірде Грузия парламентінде шетелдік агенттер туралы заң жобасын талқылау кезінде жаппай төбелес орын алған болатын. Төбелес соңы наразылық шеруіне жалғасты.