Экс-денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевтің үстінен полицияға арыз түсірген. Алайда министр қызметтен кеткен соң іс жабылып қалған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz-ке сілтеп.
Бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев денсаулық сақтау министрлігі мазасын алғанын айтқан еді.
"Бір жыл бойы менен ғана емес, әйелімнен де жауап алып, жұбайым мен менің телефонымды тәркіледі. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы барлық әкімшілік билігін отбасыма қолданды. Бірақ, олар айтқандай, ештеңе мәңгілік емес. Шамасы министр Ғиният қызметінен кеткеннен кейін, әкімшілік билік күшін жоғалтты. Ал іс бірден тоқтатылды", — деп жазды Әбішев.
Еске сала кетейік, бір жыл бұрын экс-министр Әбішевтің үстінен арыз жазып, қылмыстық іс қозғатқан. Алайда Әбішев істің тоқтатылуы туралы ақпарат сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде бар екенін түсіндірді.
"Ғиният менің және әйелімнің үстінен полицияға арыз жазып, не көздеді екен? Бір жыл бұрын жұмыс істемейді деген платформаға қатысты өтінішті қарау барысында сол кездегі денсаулық сақтау министрі Ғиният пен денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері Балтабекова үстімнен полицияға арыз жазып, жаңадан қылмыстық іс қозғады. Бұл мені жаңа қылмыстық іспен қорқыту үшін жасалса керек. Өйткені сотта жұмыс істемейтін платформаға қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің барлық уәждері талқандалды", - деді бұрынғы вице-министр.