БҚО-да Жайық өзенінің бойында 100 км қорғаныс бөгеттері салынды

5433
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын нығайту, сондай-ақ басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу және су тасқыны салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.

Оларға 7 895 адам және 1 781 бірлік техника, соның ішінде 1011 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта Жайық өзенінің жағасында ұзындығы 100 шақырым болатын бөгет жасақталып, 771 мың құм толтырылған қапшық салынды.

2024 жылдың 16 сәуірдегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 776 см-ге дейін жетті және су деңгейі әлі көтерілуде.  Өткен жылы ең жоғары деңгей 557 см болған еді. Қауіпті деңгей-850 см.

Су Ресей Федерациясыннан келеді, онда су тасқынына байланысты Ириклин су қоймасынан ағызу жүргізілуде. Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, Ириклин су қоймасының суын Ресей Федерациясынан ағызу біртіндеп азайып келеді. Дегенмен, облыста су басу қаупі жоғары деңгейде қалып отыр.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер