"Әйелін өлтірді" деген айып тағылған экс-министр Бишімбаевтың соты бірнеше аптаға созылды. Сот отырысында Ресей мамандарының медициналық сараптамасы оқылды.
Сотталушының адвокаттары сараптамаға сүйене отырып, марқұм Салтанат Нүкенованың басынан қан кетуінің себебі өлімнен 3-4 апта бұрын пайда болған жарақат болуы мүмкін деп мәлімдеді.
"Торлы қабық астына қан құйылуының етек алуы субдуральды қанды ісіктен қанның кетуіне, содан кейін оның жарылуына және субарахноидты кеңістіктің қалыптасуына әкеп соққан. Сот-медициналық тәжірибе мен қазіргі заманның медицина ғылымының деректері қалыптасар алдында субдуральды жарақаттан қан кетіп, жарылуына тіпті шамалы травматикалық әсер де ықпал ете ететіні белгілі", – дейді сараптама қорытындысын оқыған Құсайынова.
Алайда айыптау тарапы да, жәбірленушінің адвокаттары да Ресей мамандарының сараптамасының қорытындысын істен мүлде алып тастауды сұрайды.
Судья ресейлік сарапшылардың қорытындысын дәлел деп санауға бола ма деген шешім қабылдау үшін сот барысында үзіліс жариялады.