Алматы өзендерінде су деңгейі көтерілген - ТЖД

1915
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz
Алматыда жауын-шашынның салдарынан өзендердегі су деңгейі көтерілгені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы қалалық ТЖД мәлімдеді.

Instagram желісіндегі төтеншеліктердің парақшасында Алматы өзендеріндегі жағдай тұрақты екені турады жазылған. 
"Қазіргі уақытта "Қазселденқорғау" ММ Алматы қалалық пайдалану техникалық басқармасының 10 гидропосты жұмыс істейді, олар тәулік бойы өзендердегі гидрометеорологиялық жағдайды бақылауда. Өздеріңіз білетіндей, қала арқылы Ақсай, Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендері ағады. Жауын-шашынға байланысты өзендерде су шығынының шамалы ғана су деңгейінің көтерілуі байқалады, сондай-ақ көлбеу ағынға байланысты судың лайлануының 2 баллға дейін артуы байқалады. Бұдан басқа, "Қазселденқорғау" мамандары селден қорғау құрылыстарының техникалық жай-күйіне тексеру жүргізеді", - делінген жазбада.
Одан бөлек, 16 сәуір күні сағат 4:00-ден бастап Алматыда жаңбыр тоқтамады. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, сағат 9:00 - де қалада 14 мм, "Медеуде" - 21 мм, Каменск үстіртінде-28 мм жауын-шашын түскен.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер