Алматылық оқушылар Халықаралық ғылым және өнертабыс байқауында топ жарды

1308
Adyrna.kz Telegram

Ағымдағы жылдың наурыз айының 22-28 күндері аралығында  Тунис мемлекеті Махдия қаласында ғылым және өнертабыстар байқауы өтті. 

Халықаралық білімділер бәсекесі «The International Festival Of Engineering Science And Technology In Tunisia (I-FEST - 2024)» тақырыбын арқау етті.

Байқау – ғылымды тереңінен насихаттау, соның ішінде шетелдердің ғылыми тәжірибесін тарату, сондай-ақ жастарды инновациялық қызметке тарту, жасөспірімдердің, ғылыми зерттеу дағдылары мен жаңашылдық рухын дамыту мақсатында ұйымдастырылған.

Әлемнің түкпір-түкпірінен  1500 қатысушы сайыста бақ сынады.  Бұл қатарда, Алматы қаласынан да талантты оқушылар барып, білімі мен білігін сынаған болатын.

Жарыс қорытындысы бойынша, алматылық өрендер үздік ондықтан көрінді. Олар алтын және қола медальдарды қанжығаларына байлады.

Атап айтқанда, №176 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Құттығалиева Адия алтын медаль жеңіп алса, №12 мамандандырылған гимназияның 11 сынып оқушылары Ерден Айша мен Бақытжан Томирис қола медальға ие болды.

 

Пікірлер