Ауғанстандағы тасқыннан 30-дан астам адам қаза тапты

1693
Adyrna.kz Telegram
Фото: antikor.com.ua
Фото: antikor.com.ua

Ауғанстанда маусымдық жауын-шашыннан болған су тасқыны салдарынан 33 адам қаза тапты, 27 адам жарақат алды. Бұл туралы жексенбі, 14 сәуірде «Талибан» өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Талибан» қозғалысының Ауғанстанның Табиғи апаттарды басқару министрлігінің өкілі Абдулла Джанан Сайек 12 сәуірде ел астанасы Кабулда және елдің бірнеше провинциясында су тасқыны болғанын хабарлады.

Оның айтуынша, 600-ден астам үй қирап, 200-ге жуық мал қырылған. Су тасқыны 800 гектарға жуық ауылшаруашылық алқаптары мен 85 шақырымнан астам жолды зақымдаған.

Жергілікті метеорологиялық департамент өз кезегінде Ауғанстанның 34 провинциясының басым бөлігінде алдағы күндері жаңбыр жауады деп ескертті. Болжам бойынша ең көп жауын-шашын Газни, Кабул, Кандагар және Нангархар провинцияларында болады.

«2021 жылы тәліптер Ауғанстанда билікті басып алғаннан кейін оларға берілетін сыртқы көмек көлемі азайды», деп хабарлайды Франс Пресс.

Бұл табиғи апаттардың зардаптарын жоюды қиындатады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер