Алматыда зиялы қауым өкілдері тарихи мұра нысанын абаттандырды

1324
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік астанада Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйінің аумағына гүл отырғызылды.  Игі шараға белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет, әнші әрі композитор Қадырғали Көбентай, «Ұлт ұстазы» телехикаясында Ахмет Байтұрсынұлының рөлін сомдаған танымал актер Байғали Есенәлі және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері мұрындық болды.

Олар музей ұжымымен бірге бұл жобаның қала «өмірі» үшін маңызды екенін айтты. Шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары, Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен «Ахметтану» оқу орталығында тағылымдамадан өтіп жатқан мектеп оқушылары да қатысты.

Гүл отырғызу сазды бағдарламаға ұласты – жас күйші Толғанай Қасенова күй ойнаса, әнші, блогер Ділназ Бердалиева жасыл-желек отырғызу науқанына қатысқандар үшін бірқатар ән орындады.

Іс-шара соңында Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова барлық қатысушыға алғыс білдірді, ал музей-үйінің жетекшісі, ахметтанушы ғалым Райхан Имаханбет оларға жазушы Дидар Амантайдың «Ахмет Байтұрсынұлы: тіл мұраты, болмыс философиясы» кітабын және өзінің «Ғасыр саңлағы» атты авторлық басылымын сыйға тартты.

Айта кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада бір айға жалғасатын «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталғанын жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Бүгінде қала тұрғындары шаһардың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қосып келеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер