"Жасөспірімдікі болуы мүмкін". Жайық өзенінен бір адамның мүрдесі табылды

1846
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/218e3cc5-db45-4f66-88ea-d8b7dbb7d860-960x500.jpeg?token=176e8739b576ea02153d4c78f182a438
Атырау қаласында өзен жағасынан бір адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп. Жайық өзенінің жағасынан ер адамның мүрдесі табылған. Атырау облыстық полиция департаменті табылған мүрденің жеке басы анықталмағанын мәлімдеді.
«Бүгін, 14 сәуірде сағат 18:10 шамасында Жайық өзенінің «Атырау» ықшам ауданындағы жағасынан белгісіз ер адамның мүрдесі табылды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, былтыр 13 маусым күні Жайық өзеніне жасөспірім батып кеткен. Полицейлер бүгін табылған мүрденің сол жасөспірімдікі болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармады.
Комментарии