Суға батты: Шығыс Қазақстанда ер адамның денесі табылды

2043
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_3262-960x500.jpeg?token=5bd7a05b45a0b73d97a5d06e4adc113d
Шығыс Қазақстанда қайықтан құлаған балықшы суға батып кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеді. Қайғылы оқиға 14 сәуірде Алтай ауданы Кремнюха ауылынан 10 шақырым жерде болған.
«Белгілі болғандай, ол бұрын орнатылған балық аулау торларын тексеру кезінде қайықтан құлап кеткен. Үстінде құтқару жилеті болмағандықтан қайта шыға алмай суға батты. ТЖД сүңгуірлері сол жерге келіп жетіп, 40 жастағы азаматтың денесін тауып, жағаға алып шықты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Белгілі болғандай ер адам Ертіс өзеніне балық аулауға барған.
Комментарии