Иран шабуылы: Зымыранның көбі Израильден тыс жерде ұсталды

1903
Adyrna.kz Telegram
Фото: RBC
Фото: RBC

Иран Израильге әуе құрылғылары арқылы шабуыл жасады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі израильдік БАҚ-қа сілтеп.

Израиль әскері Иран ұшырған зымырандарды Arrow әуе қорғаныс жүйесі ұстап алғанын мәлім етті.

13 сәуір күні Иран Израильге зымыран және ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасаған.  Ал зымырандар Израиль аумағынан тыс жерде ұсталған.

Әуе шабуылына хуситтер мен "Хезболла" да қосылғаны анықталды. Ал Израиль қорғаныс күштері Иранның да Израиль тараптың нысандарына баллистикалық зымырандармен атқылағанын растап отыр.

Иерусалимнен басқа, Израильдің оңтүстігі мен солтүстігінде, Шомрон аймағында, сондай-ақ Өлі теңіз үстінде әуе шабуылының сиреналары іске қосылған. Қатты жарылыстың даусы Иерусалимде естілді.

Айта кетейік, аймақтағы шиеленіс сәуірдің 1-і күні Дамасктегі Иран консулдығына жасалған әуе соққысынан кейін ушыға бастады. Шабуылдан Ислам революциясы Сақшылар корпусының жеті мүшесі, оның ішінде екі генералдың қаза тапқаны айтылған. Тегеран бұл соққыға Израильді жауапты деп санады, ал Иранның рухани жетекшісі Аятолла Әли Хаменеи Израильді «жазалаймын» деп қорқытты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер