Тәжікстан министрі Ресейді «Крокус ісі» бойынша ұсталғандарды азаптауды тоқтатуға шақырды

558
Adyrna.kz Telegram

Тәжікстан сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин Крокус Сити Холлдағы лаңкестік оқиғаны тергеген кезде ресейлік құқық қорғау органдары халықаралық құқық қағидаттары мен құқықтық нормаларды сақтауы тиіс екенін айтты. Атап айтқанда, дипломат «Азия-Плюс» департаментінің басшысы келтіргендей, тұтқындарды азаптау мен қатыгездік көрсетуді тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды “Адырна” порталы.

12 сәуірде Минскіде өткен ТМД елдері Сыртқы істер министрлерінің саммитінде сөйлеген сөзінде Тәжікстан СІМ басшысы лаңкестік әрекет жасады деген күдіктіні азаптау арқылы мойындатуын ашық көрсетуден біраз нәрсе түюге болатынын айтты.

«Осы жолмен алынған мойындаулардың қандай болатыны барлығына белгілі», - деп атап өтті дипломат.

Мухриддиннің айтуынша, ойластырылмаған ақпараттық науқанның нәтижесінде Тәжікстан азаматтары мен тәжіктерге қатысты теріс түсінік қалыптасып отыр, бұған жол беруге болмайды. Өйткені мұндай әрекеттер шетелдіктерге деген өшпенділікке, ксенофобияға, нәсілшілдікке жетелейді.

Министр Крокустағы терактіге қатысты тергеудің бейтарап әрі әділ өтетініне сенім білдірді.

«Барлығы да жазалануы керек: ұйымдастырушылар да, қылмыскерлер де, сыбайластар да, осы жантүршігерлік қылмысқа тапсырыс бергендер де», - деп түйіндеді Мұхриддин.

Ол әріптестеріне көршілес Ауғанстандағы шиеленісті жағдайға байланысты Тәжікстан отыз жылдан бері қауіпсіздік мәселелерімен бетпе-бет келгенін айтты. Осыған байланысты, дипломаттың айтуынша, ТМД терроризмге қарсы орталығы қызметінің тиімділігін арттырудың кезек күттірмейтін қажеттілігі бар.

Пікірлер