Елорда күніне орай велошеру өтті

2599
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/07/a0413153-7c39-4796-a9ac-cc0af265d878.jpg
Семейде Елорда күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мұрындық болуымен және қала әкімдігінің қолдауымен велошеру өткізілді. Мақсаты – бойдағы рухты шыңдап, жастардың спортқа деген белсенділіктерін арттыру. Велошеруге 100-ге жуық қатысушы қатысты. Шара Мұхтар Әуезов алаңынан басталып, Ертістің оң жағалауына дейін жалғасты. Қатысушылар 4 шақырым жол жүріп өтті. - Бүгін мерекеге орай, велошеру ұйымдастырылып отыр. Шараға мекеме қызметкерлері қатысуда. Олардың ішінде зейнеткерлік жасына жеткен қызметкеріміз де бар. Ұжымның белсенділігін арттыру үшін осындай шаралардың маңызы зор деп ойлаймын, - деді №1 халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Гүлнар Керімханқызы. Ұйымдастырушылардың айтуынша аталмыш шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ. - Мен бала кезден бастап велоспортпен айналысамын. Жасым 62 келсе де, спортты жаныма серік етудемін. Жастарды осындай шараларда белсенділік танытуға шақырамын, - деді №1 халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Саниярбек Тәуірбекұлы. Шара соңы Ертіс жағалауындағы мерекелік концертпен тәмамдалды.  

Семей қаласының ақпараттық орталығы

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии