80 жыл бұрын Қазақстан сыртқы істер министрлігі құрылды

1935
Adyrna.kz Telegram
Жазушылар одағы ғимараты бір кезде Қазақ ССР сыртқы істер министрлігі үшін салынған делінеді
Жазушылар одағы ғимараты бір кезде Қазақ ССР сыртқы істер министрлігі үшін салынған делінеді

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің құрылғанына 80 жыл толды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Осыдан 80 жыл бұрын 1944 жылы Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының негізі – Қазақ КСР Сыртқы істер Халық комиссариаты құрылды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі — үкімет құрамына енетін Қазақстанның орталық атқарушы органы, Қазақстанның сыртқы саяси қызметінатқаратын және Қазақстанның дипломатиялық қызметінің органдарының ортақ жүйесін басқаратын министрлік.

Қазақтардың алғашқы сыртқы істер министрлігі 1920 жылдардың басында Түркістар АКСР-ның дипломатиялық кеңсесі ретінде құрылды. Министрлікті басқарған адам Түркістан АКСР Сыртқы істер халық комиссары ретінде белгілі болды және ол басқарған мекеме Түркістан АКСР Сыртқы істер комиссариаты болып аталатын. Сыртқы істер министрі лауазымы тұңғыш рет 1944 жылы, «Одақтық республикаларға сыртқы байланыстар саласындағы өкілеттіктер беру және осыған байланысты Сыртқы істер халық комиссариатын Бүкілодақтықтан Одақтық-республикалық халық комиссариатына айналдыру туралы» заңынын қабылдануымен пайда болды. Бұл заң көмегімен Одақтас республикалардың шетел елдерімен тікелей дипломатиялық қатынасқа түсуіне мүмкіндік берді, бірақ сонда да сыртқы саясаттын басты функцияларын атқарған КСРО Сыртқы істер министрлігі еді.

Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздік алғанында ғана елдің қазіргі түріндегі Сыртқы істер министрлігі пайда болған еді. Қазақстан тәуелсізідігін жариялаған кездегі алғашқы сыртқы істер министрі Ақмарал Арыстанбекова болды

Пікірлер