Министрлік не себепті Асхат Ниязовтың үстінен іс қозғалғанын түсіндірді

2322
Adyrna.kz Telegram

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов журналист Асхат Ниязовқа не себепті әкімшілік іс қозғалғанын түсіндірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«465-бап өткен жылдың қыркүйек айынан бастап күшіне енді. Әкімшілік кодекстегі баптың редакциясына қарасақ, онда жалған ақпаратты «орналастыру» және «тарату» деп жазылған. Яғни, біз тек жариялауды ғана емес, оны тарату туралы да айтып отырмыз. Жазбаны бөлісу таратудың бір түріне жатады. «Азаттық» радиосының журналистеріне аккредитация бермеу мәселесі «БАҚ туралы» заңға енгізілген өзгерістерге байланысты көтерілді. Бірақ заң әлі қабылданған жоқ. Ол әлі Мәжілістің қарауында жатыр, екінші оқылым әлі өткен жоқ. Сенімді емес ақпарат таратылғандықтан, хабарлама жіберілді»,—деді ол 11 сәуірде өткен Сенат отырысында.

Айта кетейік, қаңтарда ProTenge Telegram арнасында елде жұмыс істеуге аккредитация алмаған «Азаттық радиосының» журналистеріне қолдау көрсеткен жазба пайда болған еді. Артынша журналист Асхат Ниязов бұл жазбаны әлеуметтік желіде бөлісті. 9 сәуірде қазақстандық журналисттің сотқа тартылғаны белгілі болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер