Астанада бетон зауытының асханасынан өрт шықты

1569
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/324295ac-e014-4bd0-9554-527274a02cfa.jpeg
11 сәуірге қараған түнде Астана қаласының Байқоңыр ауданында бетон зауытының аумағында орналасқан асханадан өрт шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, ТЖД күшімен асханадан 4 газ баллоны шығарылды. Қолға алынған шаралардың арқасында 60 шаршы метр алаңды шарпыған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Комментарии