"Қызылша, коронавирус". Денсаулық министрлігі эпид ахуалға тоқталды

1588
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/dәriger-960x500.jpg?token=3dc85216b8a8dfca919fd66adb1913cf
Елімізде инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Елімізде жүргізіліп отырған профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде 42 инфекциялық ауру, оның ішінде оба, дифтерия, полиомиелит сібір жарасы, іш сүзегі, құтырма, туляремия, сіреспе тіркелмегені анықталды. Ал 26 инфекция, оның ішінде коронавирус инфекциясы 5 есе, скарлатина 27,5%, бруцеллез 25%, ротавирустық инфекция 23%, эхинококкоз және лямблиоз 21% , энтеробиоз 15,5%, сальмонеллез 9% төмендеді. Сондай-ақ, наурызда ақпанмен салыстырғанда қызылшамен ауыру көрсеткіші 33% төмендегені байқалған.
Комментарии