Алдағы күндері елімізде 41 градусқа дейін ыстық болады

2611
Adyrna.kz Telegram

Синоптиктердің мәліметінше, 9-10 шілде күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы 40-41 градус болады. "9 шілде күндіз Атырау облысында 35-38 градус, 9 шілде күндіз Атырау қаласында 35-37 қатты ыстық, Жамбыл облысында кей жерлерде 39 градус қатты ыстық, 10-11 шілдеде кей жерлерде 41 градусқа дейін ыстық болжанып отыр. Шығыс Қазақстан облысында да 9 шілдеде кей жерлерде қатты ыстық 36 градус ыстық,  найзағай, бұршақ болады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Түнде және таңертең 9 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 18 м/с күтіледі. 10 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде, 11 шілдеде басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық болжанады. 9 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Күндіз 10-11 шілдеде Актөбе облысының кей жерлерінде, 11 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-41 градус өте қатты ыстық болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер