"Қорым болған". Көне Сарайшық маңынан адам сүйектері табылды

2125
Adyrna.kz Telegram
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz
Атырау облысында су тасқынына қарсы бөгет салу кезінде 12 кәлла, 26 қаңқа табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Махамбет ауданына қарасты ескі Сарайшық қалашығында Жайық жағасынан бөгет салуға жер қазу кезінде адам сүйегінің қалдықтары табылған.

Атырау облысы ТЖД жедел әрекет ету орталығының мәліметінше, құзырлы орган қызметкерлері аталған фактіні АЕК-ке тіркеген.

"Ескі Сарайшықта археологиялық қазба жұмыстары кезінде адам сүйектерінің табылуы жаңалық емес. Ортағасырлық Сарайшықта үлкен қорым бар екені белгілі. Археологиялық зерттеулер кезінде, түрлі жұмыстар барысында, тіпті ескі Сарайшық ауылында да адам сүйектері табылған. Сүйектер жиі кездеседі. Қазір су тасқынына қарсы ауқымды жұмыстар жүргізілуде, Жайық жағасына мыңдаған адам бөгет салып жатыр, бұл жұмыс барысында адам сүйектерінің табылуы ғажап емес. Әдетте, мұндай ақпаратты алған мамандар тиісті жұмыстарды жүргізіп, қалдықтарды зерттеп, дәстүр бойынша жерлейді", - дейді Сарайшық қорық-мұражайының директоры Мұхтар Әбілсейіт.

Еске сала кетейік, Атырау облысында табиғи төтенше жағдай жарияланды.

Пікірлер