БҚО-ның басқарма басшысының орынбасары түсінік берді

4979
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы аудандардағы су басқан жерлерде орналасқан сібір жарасы көмінділері жайындағы ақпаратқа түсініктеме берді.

–Бүгінгі таңда аудандарда ветеринарлық қызмет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өлген үй жануарларының көзін жою жұмысын бастады. Басқармадағы бөліс басшысы берген ақпаратқа қатысты түсініктеме бергім келді. Бүгінгі таңда өңірде 13 емес, үш көмінді су астында қалды. Ал ауру қоздырғыштарының еріген сумен таралады деген сөз шындыққа жанаспайды. Өйткені көмінділердің барлығы ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай: бетондалған және қоршалған. Ешқандай қауіп жоқ, - деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары А.Бралиев.

Басқарма берген ақпаратқа сенсек, ветеринариялық қызметтер су тасқынынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық-санитариялық талаптар бойынша жою жұмысын жүргізуде. Жағдай бақылауда.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Батыс Қазақстанда су тасқыны сібір жарасы көмілген жерлерді басып қалғанын, 8 мал қорымы мен 14 сібір жарасы қорымын су басқанын жариялаған. болатын

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер